блашер
27.09.2022 07:30

«Астана Опера » Мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының ПрезидентіН. Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Екі қабатты фойенің пішіні эллипстәріздес, биіктігі - 13 метр. Фойенің қос қапталында доға тәрізді, барокко стилінде жасалған екі мәрмәр баспалдақ бар. Қабырғасындағы декоративті суреттерді Италия суретшілері салған. Театрдың фойесінде түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруға болады. XIXғасырдағы Италия театрларының озық үлгісімен салынған таға тәрізді көрермен залында 1250 орын бар. Ғимарат ең соңғы үлгідегі, барлық спектакль мен концертті жазып алуға мүмкіндік беретін студиялық аппаратпен жабдықталған задайте 4 вопроса к тексту

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
vk20001
02.01.2022 13:07

Доспамбет жырау — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.).

0,0(0 оценок)
Ответ:
vanuaevstifeev
09.11.2022 19:38
Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. К арлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен өнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар. Еліміздің зиялы қауымы да әзірге Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/543-alatau.html
© www.ZHARAR.com
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота