Qweryuibcdd
16.08.2020 02:34

Әр елдің астанасы- мемлекеттің алтын бесігі болып табылады. Өйткені ол мемлекеттің бет-бейнесі, оның жүрегі. Ал біздің Елордамыз Астана күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Ол- болашақтың қаласы, ел тәуелсіздігінің ордасы. Адамзат тарихында астанасын жаңартқан мемлекет аз емес. Ғасырлар бойғы бабалар арманын төрт-бес жылда Астанадай қала салған мемлекет болған емес. Біз Елбасының сындарлы саясатының арқасында жаңа ғасырға, мыңжылдыққа өркениетті ұлт, тарих сахнасында егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке, жаңаша керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей елтаңбамыз бен көкте қалықтаған қырандай желбіреген көк туымызды көргенде, әуелеп ұшқан әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ сезім билері анық. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала болған Астана-өнер, білім және мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды. Бұл көрмеде мемлекетіміз өзінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Осындай еңселі ордамыз бар біз бақытты ұрпақпыз. Көтерілген меселе ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daniil9211
24.05.2023 11:30
Қыс келді. Мектептерде қысқы демалыс басталды. Менде қысқы демалысқа шықтым. Қыс басталғанда барлығы ап-пақ түске айналады. Қысқы демалыста мен сыртқа шығып шаңғы тебем, шанамен ойнам. Балалар ақшақар жасайды. Қыста бәріміз жылы киініп,көңілді журеміз,өйткені қысқы демалыс кезінде Жаңа Жыл мейрамы болады. Мен қысқы демалысты өте жақсы көремін! Әр қыстың өз ерекшелігі болады ғой. Осы жылдың қысы мен үшін ерекше уақыт болды. Себебі, осы қыста қар көп жауды. Балалармен, қыздармен , сырғанақ тептік, анда бардық, мында бардық деп ойдан құрастырып жаза берсеңші, қиын емес қой. Қысқы демалыс маған өте ұнады, мен уақытымды жақсы өткіздім: далада көп серуендедім, коньки тептім, әжеме қонаққа бардым. Бірақ, мен тек ойнаумен және көңіл көтерумен шектелген жоқпын. Демалыста мен бимен айналыстым, сондай-ақ, ата-анаммен бірге Шучинскке демалуға бардым. Менің қысқы демалысым маған өте ұнады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
nikitos7200
10.07.2020 08:50
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;

қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;

қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».

қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;

адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота