seydchubra
05.09.2021 04:29

2-тапсырма, 116-бет. Сурет бойынша сөйлем құра.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ilyasovazalina
12.12.2021 14:22

Өткен жазғы демалысымда Астана қаласына саяхат жасадым. Саяхат өте қызық болды және жаңа достар таптым.  Астана – менің елімнің астанасы. 1997 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталады. Бүгін Астана әлемдегі ең әдемі, тартымды сәулеттерімен таңқалдыратын қалалардың бірі. Кең даланың ортасында Астана гүл секілді өсіп тұр. Бүгін Астана әлемдегі ең жас астана болып саналады. Қаламыз– даму жолында тұрған мемлекетіміздің мақтанышы.  Жас қалада тамаша тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар мен сәулет ескерткіштері бар. Сондықтан да бас қаламыз өзгеше бір көркем көрініске ие. Мен саяхат кезінде Астананың тірегі– Бәйтерекке бардым. Ол жерден қаланың барлығы айдан-анық көрініп тұрды. Сосын Думан ойын-сауық кешеніне жол тарттым. Мұнда көптеген балықтардың және тағы басқа су жануарларының түрлерімен таныстым. Маған қала өте ұнады. Мен есейгенде Астанаға келіп, қаланың көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
KiskaDasha
12.03.2021 01:15
Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.
(Қарындаш)Қабы сояу,
Дiнi – бояу.
(Қарындаш)Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.
(Қалам)Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде.
(Қаламсап)Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
(Қаламсап)Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш)Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.
(Карта)Доп сынды келбетi,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнiң әлпетi.
(Глобус)Көкқұтанша ақ айдында,
Бiр аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(Циркуль)Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.
(Күнделік)Бiлiм менен тәлiм,
Парақты ашқанда
Беттерiнен мәлiм.
(Күнделiк)Оқушыға күнде ерiп,
Жүретiн не?
(Күнделiк)Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.
(Кітап)Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап)Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді».
(Бор)Төрт қырлы, өзi аппақ,
Тақтадағы iзi аппақ.
(Бор)Кең алаң – тақырдан,
Шиырлап қайтады.
Ақ қант қатырған.
(Бор)Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер) .Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
(Парта)Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
(Тақта)
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота