Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – ң бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді. туризм әлемдік басты рөлдің бірін атқарады. дүниежүзілік туризм ұйымының (дтұ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді. туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым болады. осыған байланысты, қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Қазіргі «Менің Қазақстаным» әнұранының авторлары Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку