МахитоТ
15.07.2022 17:37

Я onlinemektep.org
Online Mektep - BilimLand
Сырдың сұлу өзені
1-Тапсырма. Өлеңді мұқият оқып шығып, 5 есімдікті теріп жаз.
Білем сені, сүйем сені,
Сырдың суы - қарт анам!
Сенсің мені,
әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы – Рейнесін.
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын - Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді?!
2-тапсырма. Берілген сан есімдерді қатыстырып, 5 сөйлем құрастырып жаз.
Үштен бір, бесінші, сексен бес, жетеу, екі-екіден

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ира1029
16.10.2020 08:35

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданы) — қазақтың әйгілі жырауы, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Ол Қазақ хандығының соңғы жырауы деп деп тануға болады.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан

0,0(0 оценок)
Ответ:
andrejisaev20Andrey
16.05.2021 10:06
Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. 
Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты,  ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды.
Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар
мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл  жаман.
Қарама қарсы  топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін.
Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. 
Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда.
Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше.
Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді.
Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота