Александа7
26.02.2023 02:22

1.    Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.  Внимательно прочтите текст и выполните задания

        «Еңбекпен келген нан тәтті» деген сөздің мағынасы өте үлкен.Қазіргі кезде ата-ананың алдында балалардың негізгі атқаратын еңбегі – сабақ оқу, мектепте, үйде  қолғабыс жасау және уақытын тиімді пайдалану.Баланың ата-анасына тигізетін пайдасы – осылар болып есептеледі.

        Мен қарапайым жұмыскер агрономмын.Жақында өз кәсібімді ашқым келеді.Ол кәсіп жылыжай ашып, жеміс-жидек өсірсем  деп ойлаймын.Ол үшін осы саланы жетік меңгерген іскер, сенімді әрі кәсіпқой мамандарды жұмысқа тартсам, қажетті құрал- жабдықты сатып алып, мамандарға жоғары еңбекақы төлесем деген жоспарым бар. Ауыл шаруашылық өнімдерін өтімді игеріп, өнімдеріміз туралы жарнама дайындаймын.Жарнама дайындау балаларымның міндеті болады. Жұмысымыз оңға басса, әлі-ақ сый-құрметке ие болып, еңбегіміздің зейнетін көреміз.

 

1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.   Определите жанр текста.

А) мақала           В) әңгіме              С) сұхбат       Д) очерк

 

2.  Мәтіннің жанрға  қатысты ерекшелігін анықтаңыз.                                 Определите специфику текста применительно к жанру

 

 3. Мәтіннен 3 шартты рай формасындағы етістіктерді жазыңыз

Выпишите из текста 3 глагола в форме шартты рай (в форме условного наклонения глагола).

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
afanasevaboom123
03.09.2021 22:00

Бас киімдерXIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай:

1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас- киім – тақия.
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.
3. Киізден тігілген баскиім – қал-пақ.
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).
5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Руслана462
03.09.2021 22:00

Мен Павлодарда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Павлодардың орны ерекше.

            Павлодар қала ретінде  XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Ертіс жағалауы – павлодарлықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Павлодарды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Мұнда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы,  Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы  атындағы және көркемсурет  мұражайлары бар. С. Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИНЕУ секілді ЖОО,  көптеген лицейлер мен орта арнаулы оқу орындары бар. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, мұнай-химия,  сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі.. 

             Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Павлодардай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота