1. Синонимдік қатарды көрсетіңіз. *
А) Зор, үлкен.
В) Бай, кедей.
С) Пайдалы, зиян.
D) Туған, қайтыс болған.
2. Пысықтауышты табыңыз. «Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығын тойлады. *
А) Тойлады
В) Қазақстан
C) Тәуелсіздігінің
D) Биыл
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? *
A) 1995 ж.
В) 1998 ж.
С) 2001 ж.
D) 2003 ж.
4. Мақалды толықтырыңыз: «Отанс… — ормансыз бұлбұл» *
А) аспан.
B) ер
С) адам.
D) жер.
5. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз. *
А) Мемлекетте.
В) Мемлекеті,
C) Мемлекеттік.
D) Мемлекеттің.
6. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз. *
А) Әрне, қайбір.
B) Ешкім, ешқайсысы.
C) Бірдеме, біреу.
D) Өзің, өздері.
7. Б. Момышұлы кім екенін көрсетіңіз. *
А) Сазгер.
B) Суретші.
C) Жауынгер — жазушы.
D) Әнші.
8. Қазақтың ұш жүзінің басын қосқан ханды анықтаңыз. *
9. Зат есімді табыңыз. *
А) Ұлттық
В) Төрт
С) Қызыл
Д) Немере
10. Мақал - мәтелдің жалғасын табыңыз Жақсы сөз - *
А) Жылан інінен шығады
В) Қызыл тіл
С) Тілден
Д) Жарым ырыс
11. «Момын» деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз. *
А) Қой аузынан шөп алмас
В) Тас жүрек
С) Бетінен оты шығу
Е) Жұмған аузын ашпау
12. Туынды сын есімді белгілеңіз. *
А) Гаухарды
В) Тар
С) Ақ
Д) Атақты
13. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз *
А) Сары
В) Бір
С) Ара
Д) Алматы
14.Сан есімді табыңыз *
А) Бағалау
В) Бесеу
С) Тәрбиелеу
Д) Сұлу
15. Өздік есімдікті табыңыз *
А) Өзім
В) Мен
С) Олар
Д) Біз
16. Табыс септігіндегі зат есімді табыңыз *
а) Қыздармен
в) Қызды
с) Қыз
д) Қызға
17. “Ұстаз” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз. *
А) Күтуші, тәрбиеші, мұғалім.
В) Мұғалім, ағартушы, оқытушы
С) Оқытушы, көмекші, күтуші
Д) Тәлімгер, көмекші, тәрбиеші
18. Біріккен сөзді белгілеңіз *
А) Ақтөбе
В) Әке
С) Паһ - паһ
Д) Мүмкін
19. Жалқы есімді табыңыз. *
А) Жел
В) Орындық
С) Көкшетау
Д) От
20. Мақалды көрсетіңіз *
А) Кең болсаң, кем болмайсың.
В) Қара қылды қақ жарған.
С) Қымыз киелі асқа саналады.
Д) Ішіне тамақ салынған, Есігі тарс жабылған.
Отправить