Елдиор
29.01.2020 20:52

"Аң аулау тәсілдері" тақырыбында шығарма жаз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
PavlWhite249
12.12.2020 06:30

Аң аулаудың ежелгі тәсілдері

Қазақ аңшылары түз тағыларын аулауда сан алуан айла-шарғыларды кеңінен пайдаланған: ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау; тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау; құспен, итпен қуу; түтін, жемтік салу; мұзға отырғызу және т. б.

Аран. Тау арасынан екі тар қоршау жасап, жан-жағына өткір істік қадаларды орнатады. Аңдарды осы қоршауға айдап кіргізгенде, жаны қысылған түз тағылары кейін шегінбек болғанында, әлгі істіктерге түйреліп, қозғала алмай тұрып қалады.Итпен аулау. Аң аулауға аңшы иттер тұқымы пайдаланылады. Аң аулайтын тазылар тұқымы: құмай тазы, құны тазы, дүрегей тазы. Олар күштілігіне және өжеттігіне қарай: қасқыр алатын тазы, түлкі, қоян алатын тазы, жүн-түгіне қарай: құны, тақыр, сабалақ, жарғақ, құлақ, шашақұлақ, дүрегей түкті тазылар, сүйек бітіміне қарай: ірі сүйекті, шөпеті сүйекті, жарғы сүйекті тазылар болып бөлінеді.

Құспен аулау. Аңды қыран құстармен аулайды. Құс аңшылығына пайдаланылатын қырандар тобы: бүркіттер. Бұлар – ой бүркіті, қыр бүркіті, тау бүркіті. Қаршыға тектес құстар: қаршыға – қара қаршыға, тұнжыр қаршыға, сырғақ қаршыға. Тұйғын – аң тұйғын, кір тұйғын, құл тұйғын. Қырғи. Сұңқар тектестер: сұңқар – ақ сұңқар, ақбас сұңқар. Ителгі, жағалтай, лашын, тұрымтай, бидайық, қарақылыш.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота