
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймыз. Дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық. Оларға мысал келтірсек: Астана футбол клубы Еуропа лигасы, Чемпиондар лигасы турниріне тұрақты қатысып жүр. Біздің елде Олимпаида чемпиондары көп. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Спортпен айналысуды ұмытпаңыздар!
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.