mryermachkov
12.02.2021 08:03

текст скину в лс сор по казахскому языку​


текст скину в лс сор по казахскому языку​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ulyanakovoleva
12.04.2022 16:21

Ғалым: - Сіз барлық заттарыңызды жинадыңыз ба?

Даяна: - Ия, алаңдамаңыз.

Ғалым: - Жақсы.

Ержан: - Сіз қайда бара жатқаныңызды әлі айтқан жоқсыз ба?

Даяна: - Мен жатақханаға бару үшін Алматыға кетіп бара жатырмын.

Ержан: - Түсінемін.

Анасы: - Сен бірдеңе ұмытып қалдың ба?

Даяна: - Ия, анам.

Анасы: - Сонда да, қазір такси келеді.

Әкесі: - Міне, сіздің чемодандарыңыз.

Анасы: - Барлық таксилер келді. Бәрі, әзірше, мен бір аптадан кейін келемін.

Даяна: - Қош бол.

Әкесі: - Жолың даңғыл болсын!

Ержан: - Жортқанда жолың болсын!

Ғалым: - Ат-көлігің аман, қоржының толы болсын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
llun
13.12.2020 19:33

Аспаптар туралы мәліметтер:

1.Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Оның сирек кездесетін бір түрі — ағаш шаңқобыз — ағашқа бекітілген жіпті тербеу арқылы дыбыс шығарылады. Шаңқобыз – ежелден келе жатқан қазақтың музыкалық аспабы. Аспап бітімі бөлек болғанымен, оның құрылымы өте қарапайым.Бұл аспаптың темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі болады. Аспапта ойнау тәсілі де өзгеше. Шаңқобызды ерінге қойып, тіске тіреп ойнайды. Аспап дыбысы тілшені саусақпен шалып тартқан кезде серіппенің тербелісі арқылы шығады.

2.  Жетіген – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық көп ішекті шертпелі аспабы. Сонымен қатар, жетіген тектес аспаптардың жалпы Азия халықтарының арасында кеңінен таралғанын атап өткен жөн. Әр халық өзінің ән-күй өнерінің ерекшеліктеріне қарай аталған көп ішекті аспапты құрылымдық, көркемдік жағынан әрқилы етіп өзгертіп, дамытып келеді. Соның ішінде қазақ халқының осы күнге дейін дәріптеп келген жетігені әуелінде жеті ішекті аспап болып танылған. Оның шанағы бітеу ағаштан шабылса, ішектерінің астына қой асығы тиек ретінде қойылып, аспаптың құлақ бұрауы сол асықтарды қозғалту арқылы келтірілетін.Кейін келе тиектер ағаштан, ішектер мыс сымнан жасалғандығы туралы деректер кездеседі.

3. Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.

4. Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан  шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

5. Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми-бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота