07Zarina1111
05.12.2021 00:03

Казак адебиети.7кл
нужен ​


Казак адебиети.7кл нужен ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Gogi354
08.06.2022 07:51
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысыОтырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
0,0(0 оценок)
Ответ:
komlevaomg
08.06.2022 07:51

Отырар туралы диалог.

Алмасбек: Аспандияр, сен Қазақстандағы көне қалалар жайлы естуің бар ма?

Аспандияр: Ия, достым, кезінде Ұлы Жібек жолының бойында Түркістан, Тараз, Отырар секілді қалалар орналасқан болатын. Жай сұрадың ба?

Алмасбек: Мен оқушылар сарайында «өлкетану» үйірмесіне қатысушы едім ғой, есіңде ме? Сол үйірменің жетекшісі мен қатысушыларымен бірге келер демалыста «Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстанның көне қалалары» атты үш күндік сапарға аттанамыз.

Аспандияр: Қандай керемет! Әттең, мен де сол үйірмеге қатыспаппым, әйтпегенде менің де бұл сапарға аттанғым келетін еді. Тарихи деректерге толы, маңызды сапар болатын сияқты.

Алмасбек: Ия, мен де солай ойлаймын. Сондықтан қазірден кішкене болса да дайындалып, қосымша мәлімет жинап жүрмін.

Аспандияр: Оның дұрыс екен. Менің ойымша, Ұлы Жібек жолының ерекше маңызы болды. Ұлы Жібек жолы тек тұтыну тауарларын ғана жеткізіп қойған жоқ, сонымен қатар ол рухани мәдениеттің тірегіне айналды.

Алмасбек: Толықтай келісемін. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саяси, экономикалық, мәдени жағынан дамыды. Мысалы, сол тұста Отырар қаласы тек қазақ жерінде ғана емес, сонымен қатар түркі әлемінде Фараб деген атпен белгілі болды. Сонымен қатар ұлы ойшыл Әбу Наср әл-Фараби да Отырар топырағында дүниеге келген. Отырарда сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Аспандияр: Сәтті сапар тілеймін! Жақсы, әрі жемісті демалыс болсын!

Алмасбек: Рахмет, келген соң қалай өткенін айтып беретін боламын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота