
Аудармасы.
Аспазшы – тағам дайындаумен айналысатын адам. Аспазшы нағыз сиқыршы, себебі ол күнделікті азық – түліктен өте дәмді тағам әзірлей алады. Аспазшы мамандығы кез – келген салада қажет: мектептерде, ауруханаларда, балабақшаларда, асханаларда, кеңселерде, мейрамханаларда, әскерде, өйткені аспазшы тағамды жай ғана дұрыс пісіріп қана қоймай, сонымен қатар өз ісін сүйетін адам. Жақсы аспазшыны тіпті басқа мемлекеттерге жұмысқа шақырады. Аспазшы мамандығы - әлемде ең танымал әрі сұранысқа ие мамандық.
шаруашылыққа пайдалануда қолданылатын құрал-жабдық түрлері.
Қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды. Ат әбзелдерінің қатарына сан алуан қамшы түрлері де жатқызылады.[1]