butchenko02
07.11.2021 01:04

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша қалыптастырушы бағалау Оқу мақсаты 9.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

Перифраз тәсілдерін қолданып, жинақы мәтін жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқыңыз. Автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз.

ЭКСПО-2017 көрмесі қалай өтті?

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «ЭКСПО, ЭКСПО» деп жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу барысында қандай дайындық қамы жасалды? Не істеді? Не істелінді? Біз осы сауалдарға жауап іздейміз.

ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарланған болатын. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4 миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60 пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78 пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса, барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.

Астана қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ситуациялық орталық ашылған еді. Оның көмегімен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату арқылы қылмыс деңгейін төмендетуге жол ашылды дейді аталмыш орталық қызметкерлері.

Осынша ауқымды шара аясында азық-түлікпен қамтамыз ету мәселесінің де туындауы ықтимал еді. Алдын ала болжам бойынша, көрмеге келетін қонақтардың есебінен азық-түлікке деген сұраныс 20-30 пайызға артып, қалаға күн сайын 1500 тонна азық-түлік әкеліне бастады. Жаңадан базарлар желісі құрылды. Баға тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін «Кенмарт», «Астықжан» сауда үйлеріне 300 миллион теңге көлемінде қарыз берілді. Сөйтіп аталған сауда үйлері 49 азық-түлікке өз бағаларын қойған. Ол жыл соңына дейін сақталды. Бұл шаралар азық-түлікке деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға өсуіне қарамастан, бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше салынып, 17,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аймағын жылумен және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желісі, үш электрмен қамтамасыз ету жүйесі, «Жаңа жол» қосалқы электр станциясы салынды. Одан бөлек, қала қонақтарының саны артуына байланысты жаңадан жеті Shuttle Bus автобусы қосылды. Ол ЭКСПО көрмесі мен қала сыртындағы ауылдардың арасында қатынап, жолаушыларды тасымалдап жүрді. Қаланың 142 қоғамдық көлігі күн сайын 55 мың жолаушыны тасымалдаған. Қала тұрғындары осы қоғамдық көліктер мен олардың қозғалыс бағытын

көрме аяқталған соң да, қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуін жалғастыра беруін сұрап, диспетчерлік орталыққа өтініштерін білдірген соң, ол мәселе де шешілді.

Мыңдаған меймандарға көрсетілетін медициналық көмектің де сапасының жоғары болуы – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін жедел штаб құрылды. Көрме аймағында жеті медициналық бөлім мен медициналық орталық жұмыс істеді. Қала бойынша жеті қалалық медициналық мекеме мен жеті республикалық клиника қызмет көрсетті. Жедел жәрдем қызметінің жаңа Орталық станциясы ашылды.

Ауқымды шараның сәтті өтуі – ұйымдастырудағы ұсақ-түйек детальдардан басталатыны белгілі. Соның ішінде еріктілер еңбегінің жұмысы айрықша. Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, қаладан 510 ерікті жиналды. Олар күн сайын әуежайдан, бекеттерден туристерді күтіп алу мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру сынды жұмыстарға белсене араласты. Көрме аяқталған соң, еріктілердің белсенділері арнайы қала әкімшілігі тарапынан марапатталды.

Дескриптор Білім алушы

Автордың негізгі ойын сақтай отырып, мәтінді түсініп оқыңыз.

Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ақпараттарды табады;

1

1

Ықшамдалған мәтіннің құрамына күрделі сөйлемдерді қолданады - бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырады;

3

-асты сызылған сөздерді синонимдермен алмастырады;

2

перифраз тәсілдері арқылы мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз. - мәтіндегі негізгі ойды ықшамдайды.

2

Сауатты жазу 1

Барлығы 10

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nekrasovlesha1
27.05.2023 23:49
Отбасы ежелден үш түрі бар. Бірінші ереже – ең бастысы – үлкенге құрмет. Үлкендерді құрметтемеу қатаң жеккөрінішті. Екінші ереже - тазалық сақтау бөлмелерінде және ешқашан қоқыс. Ал үшінші ереже - бұл қамқорлық асырандылары. Біз ағасымен әрдайым тамақ береміз біздің Мурку мен қабаттарын оған.
Бұл біздің отбасылық ережесі
перевод: В моей семье издавна существуют три правила. Первое правило – самое главное – уважать старших. Неуважение к старшим строго презирается в нашей семье. Второе правило - соблюдать чистоту в комнатах и никогда не мусорить. Ну, а третье правило - это забота о наших питомцах. Мы с братом всегда кормим нашу Мурку и убираем за ней.
Таковы наши семейные правила
0,0(0 оценок)
Ответ:
epincessg11
15.04.2022 18:34

Қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғаған, халық қорғаны, халықтың суйікті үлдарының бірі, батырлар әулетінің ұрпағы Бөгенбай батыр 1690 жылы Бөген өзенінің жағасыида дүниеге келіпті. Үлы атасы Әлдеубек Еңсегей бойлы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Әлдеубектің баласы Ақша батыр Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар екен.

Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында 30 мың қолға қолбасшы болып, қазақ елінің берекесін алып, құтын қашырған казак-орыстарды талқандап, Еділден ары асырып тастады.

1710 Жылы Қарақұмда бүкіл қазақтың құрылтайы өткені белгілі. Қүрылтайға қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бағынуды жөн көрді. Басқалары үй-күйін тастап, — деп жазады Я.Гвардовский, — Едіддін сыртына көшіп барып жан сақтағысы келді, ал енді біреулері қоян сияқты жан-жаққа бытырап кетпекші болды, талайы толқып жүрді, бірак, сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы батыр Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәріне тыйым салды.

ХҮШ ғасырдың 20-жылдарының басында (1723 ж.) жоңрарлардың бір тобы Тарбағатай, Сауыр жоталарын асып, екінші бір қолы Түрпаннан шығып, Жоңғар қақпасынан өтіп, Итішпес — Алакөл наңына тоғысты. Қасарысқан жаумен жаралы арыстандай Қабанбай алыс-елімен бір араздасып, шекісіп қалған кезде хан Абылай даудың шешімін Бөгенбай батырға беріпті.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота