Ұлағатты сөздер:
1) Кімде - кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж. Баласағұн.
Жалпы есімдер: халық, тәлім, мұғалім.
2) Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы.
Жалпы есімдер: тіл, жұрт, жан.
3) Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары.
Жалпы есімдер: сөз, сайыс, тіл.
Сөйлемдер:
Халқының қамын ойлап өскен ұрпаққа не жетсін!
Мына әңгіменің берер тәлімі мол екен.
Мұғалімнің айтқан әр сөзі менің есімде еді.
Қандай тілдерді үйренгің келеді?
Жұрттың бәрі қазір Алмажанның үйінде.
Жаны кіршіксіз таза адам болды.
Екі сөздің басын қоса алмаған деген масқара ғой!
Бұл сайысқа шынығам деп қатыстым.
Тілінің көркемін қара!
Сарқырама – судың өзен арнасын көлденең кесіп өтетін тік жартасты кертпештен құлап, тік ағуы. Тым қатты және борпылдақ жыныс қабаттары кезектесе қалыптасқан өңірлермен өтетін өзендер бойында пайда болады. Жиегі үнемі шайылу салдарынан Сарқырама өзен ағысын бойлай жоғары шегіне береді. Су бірнеше кертпештен каскад құрып құлауы мүмкін. Дүние жүзіндегі ірі Сарқырама: Оңтүстік Америкадағы Анхель (биікт. 1054 м), Африкадағы Тугела (биікт. 933 м) және Виктория (биікт. 120 м). Қазақстанда Алтай, Іле Алатауы, Жетісу Алатауы тауларының өзендерінде кездеседі.[1] Су бірнеше кертпештен қатарынан сарқырама легін құрай (каскад) құлауы мүмкін.