
1) Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.
Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.
Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.
1)Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
2)Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
3)Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
4)Жері байдың елі бай.
5)Қысың қарлы болса,
Жерің ылғалды болады.
Жерің ылғалды болса,
Еккенің нәрлі болады.
6)Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне ел тілеуін береді.
7)Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
8)Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
9)Су аққан жерінен ағар,
Шөп шыққан жеріне шығар.
10) Жеріне қарай — жыланы,
Жауына қарай— құланы.
Объяснение: