incognito1234
28.10.2022 09:15

103 бет 2-тапсырма Сурет
бойынша 3 сөйлем құрап жаз составить 3 предложения по картинкам
ответ


103 бет 2-тапсырма Суретбойынша 3 сөйлем құрап жаз составить 3 предложения по картинкам ответ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
VolkYula69
18.08.2022 12:50

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vanuaevstifeev
09.11.2022 19:38
Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. К арлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен өнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар. Еліміздің зиялы қауымы да әзірге Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/543-alatau.html
© www.ZHARAR.com
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота