Uknowmyname
25.11.2022 10:12

Мектепте қолөнер көрмесі болды. Көрмеге Дана көрпе әкелді. Көрпе матадан және жүннен жасалған. Асқар белдік әкелді. Белдік былғарыдан жасалған. Саша құмыра әкелді. Құмыра саздан жасалған. Диас сандық әкелді. Сандық ағаштан жасалған. Алина алаша әкелді. Алаша жіптен жасалған. Ғазиза текемет әкелді. Текемет жүннен жасалған. Көрмеге көптеген көрермендер келді. Балалар заттарды көрермендерге таныстырды. Асқар белдіктің қасында тұрып сөйледі. Саша құмыраның қасында тұрды. Дана көрпе туралы әңгімеледі. Алина алаша туралы айтты. Көрмеде Ғазиза бірінші орын алды, себебі Ғазизаның текеметі түрлі ою-орнекпен безендірілген . 2-тапсырма Мәтіннің мазмұнына қатысты 2 сұрақ құрастырып жазыңыз,
По содержанию текста составьте 2 вопроса.
1. 2. [2]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
KATE4213
16.02.2022 22:18
Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
шгилтдтдьжжь
16.02.2022 22:18
Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.

Қазақстанда Наурыз мейрамыүш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамыжәне жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота