Nika1337228
23.02.2022 16:08

«Қанат ұшқанда қатаяды» бөліміне композициялық талдау жасаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Binnez
06.02.2022 20:06

Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.

1. Қалада көлік көп,

Қалада апат көп.

Сақтайтын апаттан,

Тек қана бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам.


Бағдаршам біледі,

Бәрін де көреді.

Адам да, көлік те,

Сол шаммен жүреді.

Бағдаршам, бағдаршам.


Үлкен біздің қаламыз,

Есте сақтап аламыз.

Қызыл, жасыл, сары шам,

Көшеде тұр бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)


2. Бағдаршам

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.


Көзі алысты қалт жібермей қырағы,

Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.

Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:


Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,

Қиылыста қарап тұрма аспанға.

С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,

Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.


3. Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

«Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.


Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!


Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!


4. Күндіз түні жанамын

Дабыл беріп бәріне.

Үш түрлі түсім бар

Белгілі жаспен кәріге

Мен бағдаршам боламын.


5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)

Менің атым̶ бағдаршам

Кеудем толы жанған шам

Қызыл көзім жанғанда

Сақ болыңдар тоқтаңдар!

Сары көзім жанғанда

Сабырлылық сақтаңдар!

Жасыл шамды көрсеңіз

Бола береді өтсеңіз!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Вероника1306
15.12.2021 14:41

Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота