Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.
-думан)- сәлем Айнұр
-айнұр)- сәлем. Не болып қалды?
-думан)- мен кітаптан бір керемет өлең оқып едім. бірақ ол өзіңнің аты болмады , және бастапқы шұмағы жоқ болды. ол өлеңді айтып берсем ол өлеңнің бастапқы шұмағын тауып бересің бе? мен ол өлеңді тіпті жаттап алдым бір шұмағын айтып берейін.
-айнұр)- жақсы айтып көр. білсем айтып беремін.
-думан)- алақай! ал тыңда:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім ойды жылытып.
-айнұр)- бұл абай атамыздың "құлаққа кіріп бойды алар" деген өлеңі ғой. бірінші шұмағы былай басталады:
Құлаққа кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
-думан)- рахмет саған ! Мен бұл шұмағында жаттап аламын.
-айнұр)- оқасы жоқ. мен асығып тұр едім үйге баруым керек анам уайымдап қалар. Сау бол.
-думан)- жақсы, сау бол.