srochno6
15.02.2020 03:44

Суретке мұқият қарап, тірек сөздерді қолдана отырып, «Темірді қалай игерді?» деген әңгіме құрастырыңыз. Тірек сөздер: кеншілер, темір, ауа үрлейтін пеш көрік, қару - жарақ, жаудан қорғану.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
demidvashenko
24.10.2020 07:07

Менің арманымдағы үй.

Менің арманымдағы үй қандай болу керек? деген сұраққа жауап берер болсам, мен көп қабатты үй емес, жер үйде тұрғанды армандаймын. Себебі, ауласы кең, далаға қашан шыққың келсе, өз еркіңде, онымен қоса, жер үйде көкөніс пен жеміс – жидектер өсіріп, піскен кезде еңбегіңнің жемісін көресің. Оған қоса, мен көп бөлмелі, екі қабаттан тұратын үйде тұрғанды қалаймын. Екі қабатты болғандықтан, әрбір қабатта кем дегенде бір жуынатын бөлме мен дәретхана болғанын қалар едім, отбасымыз үлкен болғандықтан, бұл өте қолайлы болушы еді, әсіресе, таңғы уақытта барлығымыз сабақ пен жұмысқа дайындалған кезде. Әрине, үйдің іші соңғы жөндеуден өткізіліп, тұрмысқа қажетті жаңа жиһаз бен ас үйге қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі технканың дамыған заманында осынау заманауи құралдар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар, ең маңызды құндылық – бос уақытты көбейтеді. Сонымен менің арманымдағы үй толығымен жабдықталды делік, енді аулада балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы болса, менде басқа арман болмаушы еді. Сабақтан келіп, үй тапсырмасын орындап, аулада армансыз ойнаушы едім. Ал демалыс күндері отбасыма көмектесіп, бақшада жұмыс жасаушы едім.

Ал сіздің арманыңыздағы үй қандай?

0,0(0 оценок)
Ответ:
rabota777777ozj6qd
01.08.2020 08:55
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді. Бір кезде оған Қоян жолығып:-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді. Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де! Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.-  Жолмен домалап барамын.-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді. Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді. Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота