aliya111000
25.03.2020 17:46

Мәтіннен көмекші есімдері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазындар Ұлы Жібек жолы

Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.

Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «Екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.

Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан.

Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.

Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Anabella98
15.01.2022 14:21

Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Катя180982
02.03.2023 17:46

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.

Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақасы

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота