Виола122006
11.01.2023 13:30

230. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз: A) –қой;
B) –мен, -бен, -пен;
C) –қор;
D) –кеш;
E)–лас, -лес, -дас, -дес;

231. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз:
A) –лар, -лер;-дар,-дер;
B) –нікі, -дікі, -тікі;
C) –паз;
D) –мен,-бен,-пен;
E) –қой;

232. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды табыңыз:
A) –ды,-ді,-ты,-ті;
B) –шылық,-шілік;
C)–хана, -қор,-бен;
D) –лас;-лес,-дас,-дес;
E) –лық,-лік,-дық,-дік;

233. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз:
A) –дес,-дас, -тес, -лес;
B) –лық, -лік;
C) –лау, -леу;-дау,-деу;
D)–мен, -бен, -пен;
E) –нің,-ның, -дің, -тің;

234. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді табыңыз:
A) Орталық дәріхана Абай даңғылында орналасқан.
B) Біз ертең шекарадан өтеміз;
C) Көркем әдебиетті оқы;
D) Мұғалімнен мына тақырыпты сұра;
Е) Бас есепшіні қызметтен босатты;

235. Қай әріптер кірме сөздердің жазылуында қолданылады?
A) ә, ө, ұ, ү, і;
B) ң., қ, э, һ, ә, ө;
C) в, ч, щ, а, ә;
D) ф, в, ч, ь, ъ, е, э;
E) ң, қ, э, һ;

236. Үндестік заңына бағынбайтын сөздерді табыңыз:
A) дәмхана, баламен, заңгер;
B) сәнқой, дәріхана, мектеп;
C) көйлек, кітап, ініммен;
D) күн, демалыс, қызмет;
E) талапкер, қалааралық, тас;

237. Үйлесім, үндесу заңы, негіз бен аффикстің заңы:
A) Метатеза;
B) Аккомодация;
C) Үндестік заңы;
D) Редукция;
E) Қосымша мен түбір заңы;

238. 2 ашық және 2 бітеу буыннан тұратын сөзді табыңыз:
A) әттеген-ай;
B) әшекейлеу;
C) әжелерде;
D) әдебиет;
E) әсемпаз;

239. «У» дыбысы дауыссыз болып тұрған сөзді табыңыз.
A) студент,қуан;
B) сұлу,университет;
C) сулы,туыс;
D) жиналу,әлеуметтік;
E) ауа, денсаулық;

240. «Бала ата-анасы... кешірім сұрады» жалғау жалғаңыз:
A) –нен;
B) –ден;
C) –дан;
D) –тан;
E) –нан;

241.Бұйрық рай ІІ жақ көпше түрі (анайы форма) сөйлемді табыңыз.
A) Отырыңдар, дәптерлерді үстелге қойыңдар.
B) Талғат сөйлемді тақтаға жаз.
C) Қазір біз тексті тыңдайық.
D) Орындалған жаттығуды көрсет.
E) Сіздер оқу залына барыңыздар.

242. Барыс септігінде тұрған есімдікті табыңыз:
A) менде;
B) менікі;
C) менің;
D) маған;
Е) бұдан;

243.«Абай Құнанбаев 1845 жылы туыпты». Қай шақта,жақта сөйлем тұрғанын аңықтаңыз.
А) Бұрынғы өткен шақ, ІІІжақ.
B) Жедел өткен шақ, ІІІжақ.
C) Ауыспалы өткен шақ, ІІжақ.
D) Мақсатты келер шақ, Іжақ.
E) Ауыспалы осы шақ, ІІжақ.

244. “После праздника” сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз:
A) мерекеден қалды;
B) мерекеден басқа;
C) мерекеден бөлек;
D) мерекеден кейін;
E) мерекеге дейін;

245. “Біз… ата – баба…” сөз тіркесіне жалғау жалғаңыз.
A) –дың, –ларымыз;
B)–дің, -ларымыз;
C) –дің, –леріміз;
D) –дің, –ларіміз;
E) –дың, –ларымыз;

246. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақ арқылы жасалады?
A) –лық,-лік,-дық,-дік;
B) –лау,-леу,-дас,-дес;
C)–рақ,-рек,-ырақ,-ірек;
D) –лас,-лес,-дас,-дес;
E) –ның,-нің,-дың,-дің;

247. Сын есімнің жай шырайын табыңыз.
A) сұлу, семіздеу, аласа;
B) сұлу,биік, ащы;
C) сұлу, кішірек,жақсылау;
D) сұлу,дәмдірек,жақсы;
E) сұлу,ащылау,жеңілірек;

248. Сөйлем қай райда тұрғанын аңықтаңыз «Ертең қар жауса, күн аязды болады»
A) Келер шақ.
B) Ашық рай.
C) Бұйрық рай.
D) Қалау рай.
E) Шартты рай.

249. Қай сөзге көптік жалғауы жалғанған?
A) қарар;
B) талданар;
C) жеткізер;
D) апарар;
E) шағалалар;

250. Болымсыздық есімдіктерді табыңыз.
A) Ешкім,ештеме,ешқайда.
B) Мен,саған, оның.
C) Өз,өзім,менімен.
D) Біреу,кейбір,бірдеме.
E) Бәрі,барлық,бүкіл

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
spinny9tim
07.12.2022 13:53

Қазіргі әлемдік саясат және жаһандық

мәселелер

Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі

өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз

орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы

дамуы барлық мемлекеттер еріксіз

есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму

тенденцияларын тудырады. Әлемдік

тәртіптерге жаһандық экологиялық

өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық

қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік

ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары,

индустриалдық-техникалық ортақтану,

техногендік катастрофалар, халықаралық

терроризм, наркотрафик, халықаралық

заңсыз қару сату, халықаралық

қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату,

діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен

қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Валерия999111
11.04.2021 08:30

Жылқы малының атаулары

Жылқы тұқымына қарай:

• арғымақ

• қазанат

• абы

• тобышақ

• текежәуміт

• қазақы ат

• қарабайыр

• пырақ

• дүлдүл т.б. болып бөлінеді.

Шабыс ат:

• жүйрік

• тұлпар

• сәйгүлік

• саңылақ

• бәйге ат деп бөлінеді.

Салтанатқа мінетін ат:

•       жорға

• төкпе жорға

• айдама жорға

• шайқалған жорға деп бөлінеді.

Мініс аттары:

• Аяқ ылау

• жетек ат

• қосақ ат

• түп ат

• көсем ат деп жіктеледі.

Өсуіне қарай:

• Құлын - бір жасқа дейінгі жабағысы көтерілмегені.

• Жабағы - бір жасқа толмаған, құлын жүні түспегені.

• Тай - жылқының екі жастағысы.

• Құнан - жылқының үш жастағысы.

• Дөнен - жылқының төрт жастағысы.

• Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

• Ат - піштірілген еркек жылқы.

• Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.

• Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.

• Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.

• Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.

• Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.

• Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.

• Пішпе - піштірілген жылқы.

Биенің атаулары:

• Бие - құлындайтын жылқының бес жасқа келгені.

• Байтал - жылқының екі жастан бес жасқа дейінгі ұрғашысы.

Сүтіне қарай биелер:

• Мама бие - өте сүтті бие.

• Мәнерсіз бие - сүті аз бие.

• Ақтандыр бие - сүті жоқ, сүт шықпайтын бие.

• Исіншек бие - сауар алдында құлынына жанасып, исінген сүтін ағызып жіберетін бие.

Қысырақ атаулары:

• Тұман қулық - үш немесе төрт жасқа дейін айғырдан шықса да құлындамай жүрген бие.

• Көбен бие - қонданып тойына бастаған бие.

• Ақжілік бие - құлындығында енесі сауылмай еркін емген бие.

• Қаракемік бие - енесі сауылып, жүдеу, бос болып өскен бие.

• Нәқұс (құтамсыз) бие - шаққан тегі нашар бие.

•       Құмай тұяқ бие - түяғы көп тасырламайтын бие,

Айғырлардың атаулары:

• Жасамалы - үш-төрт жастан асқаны.

• Сәурік - үш-төрт жастағы үйірге салынбағаны.

• Құр айғыр - өмуру құрық-жүген тимеген айғыр.

• Сыңар ен - түмысында бір ен болып туған.

• Шартық - екі енінің бірі піштірілгенімен қалған айғыр.

• Азбан - алты жасында піштірілгенімен айғырлық әдетін қоймай, биенің мазасын алатын айғыр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота