alina0000000p
11.12.2022 11:05

І-нұсқа Оқылым
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, 3 ( үш) қос сөзді теріп, сөйлем құрастыру (1)
Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.

2-тапсырма . Мәтін бойынша кестедегі ақпараттың дұрыстығын тексер

№ Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс (дәлелде)
1 Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмаспаған.
2 Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды

3 Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы шағын қалалардың бірі.

4 Жібек жолындағы белгісіз қалалардың бірі Отырар еді

Жазылым.
3-тапсырма . Мәтін мазмұны туралы пікіріңді «4 СӨЙЛЕМ»
құрылымына салып жаз

Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.
«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштердің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдолы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.

4-тапсырма. Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.

Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
cthut2016
10.04.2022 12:44
Менің өте сүйікті қызық. Сүйемін сырғанау,велосипед, коньки.Ал жақсы көремін нақты ғылымдар зерттейді .Ал жақсы көремін, сурет салуды , ән айтуды, би билеу.Бірақ менің бір сүйікті ермегі – сурет салу. Бастадым сурет салып, ол әлі кішкентай. Анам әкесімен жиі силап маған ең фломастерлер түрлі-түсті, түрлі-түсті қарындаштар және альбомдар.Менде жақсы яғни сурет салу кезде бұл маған ұнайды!Менің жұмыс бағалайды достар, ата-аналар. Алдымен менің сурет салатын жақсы емес сияқты қазір. Теру дағдылары менің сурет салуға неғұрлым күрделі суреттер.
0,0(0 оценок)
Ответ:
shapo2005
24.03.2023 23:42
Әрбір адам бақытты өмір сүруі үшін еңбек етуі керек. Себебі еңбек ету адамның маңызды бөлігі болып табылады. Ол адамның тамақтануына, баспана табуына қажет болады. Ыбырай Алтынсаринның біз "Дүние қалай етсең табылады? " деген шығармасында адам еңбек етсең қандай жетістіктерге жететіні баяндалған. Басты рөлде-Антон. Ол далада қайыр сұрап отырды. Ал бір жолаушы оның жұмыс істей алатынын бірден білді. Жолаушы қалай кедей болып енді екі фабриканы басқарып отырғанын айтып берді 25 жылдан кейін Антон үлкен кітап сататын дүкеннін бастығы болды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота