Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр. Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар.
Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Әрине, апай, барайық!
Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?
Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...
Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?
Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.
Мұғалім: Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?
Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.
Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?
Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!
Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?
Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!