Мектеп формасы Əрбір мектептін өзіндік мектеп формасы болады. Ал оны қатан турде сақтау қажет. Мектеп формасын киіп, оны таза устап, форманы сақтасан улгілі оқушылардын қатарына қосыласын. Қазіргі танда оқушылардын біраз бөлігі мектеп формасын сақтауды жөн көрмесе, енді бірі форманы тап-тұйнақтай етіп сақтап журеді. Мектеп формасын сақтап, тəртіпке бағыну оқушынын тəртібі мен санасынын жоғары денгейде екендігін көрсетеді деуге болады. Қазірден бастап мектеп формасын сақтамай тəртіпке бағынбаған оқушы кейін өскенде занға да, жумысындағы тəртіпке де бағынбайды. Сондықтан оқушы мектеп кезінен бастап форманы сақтауды, тəртіпті бұзбауды уйренуі керек. Мектеп формасы əрбір оқушының сəнін келтіріп, ерекше өң беріп турады.
Манас пен манасшылар Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку