Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.
Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған. Ұсталық өнердің дамуына байланысты металдарды ыстықтай өңдеу тәсілі ашылды. Бұл жаңа технологиялық тәсіл болды. Осыдан соң мыс бұйымдар жасау кең таралған. Тотықтанған рудалардан мыс қорыту және құю әдісі игерілген соң мыс өндіру және оны пайдалану (б.э.б. 5-4 мыңыншы жылдары) шапшаң дами бастаған. Таяу Шығыс пен Орта Еуропада б.э.б. 2000 жылдары
Қазақстан-бай тарихи өткені бар ел, әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалар тізіміне енуге ұмтылатын үлкен мүмкіндіктер елі. Елде табиғаттың таңғажайып туындылары бар – реликті ормандар, терең көлдер, көптеген өзендер, биік таулар, шексіз дала, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлері. Ел аумағының басым бөлігін шөлдер – 44% және шөлейттер – 14% құрайды. Дала Қазақстанның 26%, ормандар – 5,5% алып жатыр. Елде 8,5 мың өзен бар. Қазақстанда 48 мың үлкен және кіші көлдер бар. Олардың ішіндегі ең ірілері-Балқаш, Зайсан және Алакөл. Қазақстанның бірегей минералдық-шикізат базасы бар. Қазақстан әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші, алтын қоры бойынша алтыншы орын алады.
Қазақстан сондай-ақ айтарлықтай мұнай-газ ресурстарына ие және батыс облыстарда шоғырланған мұнайдың расталған қорлары бойынша әлемде 9-шы орын алады.
Сонымен қатар, республика көмір қоры бойынша 8-ші және уран қоры бойынша 2-ші орында.Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.
Қазақстан әлемдегі жетекші астық экспорттаушылардың ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстанда зымырандарды ұшыру бойынша үлкен кешен, әлемдегі бірінші және ең ірі ғарыш айлағы - Байқоңыр орналасқан. Экономиканың барлық салаларының тұрақты өсуі, саяси тұрақтылық және халықаралық деңгейде танылу қазақстандық қоғамның өркендеуінің негізіне айналды.