1. Адам үшін ең маңызды құндылықтардың бірі - оқу-білім.
2. Бүгін Жансая ата-анасымен бірге Ақтөбе қаласына кетті.
3. Менің інім он екі жасында атқа мініп үйренді.
4. Адамның ең бірінші тәрбиелейтін құралы - оның ата-анасы.
5. Саят қаладан анасына шаңсорғыш алып келіпті.
6. Мирас пен Жандос - ағалы-інілі.
7. Орал - Астана бағытындағы теміржол вокзалы (Астана уақыты бойынша) сағат 12:00 де Ақтөбе қаласына тоқтады.
8. Біздің Диас Алматы қаласындағы ҚазҰУ-дың студенті атанды.
9. Жағажайға бару, күнге қыздырыну, суға шомылу - жаздың ең басты белгілерінің бірі емес пе?!
10. Ешқашан еңбек етпеген жан, өз мақсатына да оңай жетпейді!
11. Менің әпкемнің бөпесінің салмағы - 3,900 кг.
12. Жаннұрды ата-анасы таңертең балабақшаға бару үшін оятты.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O