ответ:Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ а адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің туған жерім Алматы қаласы бірақ балалық шағымнің өткен жері ол осы Кереку өңірі болып табылады. Әр адамға өз туған жері ыстық. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.
Объяснение:
92 сөз (новерно)
Қобыланды батыр - қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең көне түрі бізге жетпеген. “Қобыланды батыр” жырын жырлаған ақын, жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрысынан толықтырып, өңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да, “Қобыланды батыр” жыры көп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жазушылардың өңдеуінен өткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. “Қобыланды батыр” жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. “Қобыланды батыр” жырының бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырларға арналған. “Қобыланды батыр” жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар