Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.
2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.
3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.
4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.
5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.
6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.
7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.
9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.
10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.