Баланың өзінен жасы үлкендерді, әсіресе, ата-анасын сыйлауы керек деген пікір ертеден қалыптасқан. Мұнымен қатар, сөздікте сыйлау деген жасы үлкенді құрметтеу ғана емес, оның тұлғалық қасиеттерін мойындау екені жазылған. Алайда, жасы үлкен мен сыйлы жанның мәртебесі бірдей ме?
Сыйластық бар жерде махаббат та бар. Ата-анаға деген сыйластық пен махаббат – ең ұлы сезім.
Отбасындағы үлкендерді сыйлау арқылы бала болашақ өмірге жүрегіндегі ерекше мейірімділікпен қадам басады. Ведикалық астрологияға сүйенер болсақ, адам әкесін құрметтеу арқылы мансап жолында жолы болып, үлкен табысқа кенеледі. Мұнымен қатар, сенімділік пен тұрақтылыққа ие болады. Ал анаға деген сыйластық сабыр мен жұмсақ мінездің қалыптасуына негіз болады.
«Ата-анаңа жасағаның алдыңа келеді» дейді.
Ерте ме, кеш пе барлығымыздың да баламыз болады. Әке-шешемізге деген қарым-қатынасымыз арқылы балаларымызға тәрбие береміз. Олар өскен кезде бізге дәл осындай қарым-қатынас жасайтын болады.
Ойлаңызшы:
Бұл тәнді сізге кім берді? Сізді осы күнге дейін мәпелеп өсірген кім? Кімнің арқасында білім алып жүрсіз?
Осы үш сұрақ біздің олардың алдында үлкен қарызымыз бар екенін баяндайды. Сондықтан, оларды мәңгілік сыйлап өтуіміз қажет. Ал сыйлау дегеніміз не? Сыйлаудың ең жоғарғы формысы – алғыс.
Жақсыдан жаман туады,
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады,
Адам айтса нанғысыз демекші, кейде ата-анамыздың да біздерге ойдағыдай тәрбие мен мейірімділік таныта алмайтын кездері болады. Бірақ сіздің оларға деген жақсы қарым-қатынасыңыз өз балаларыңыздың сізге жақсы қарайтындығының кепілі екенін ұмытпаңыз.
Ата-анамыздың алдындағы парызымызды өтеу мүмкін бе? Қалай ойлайсыз?
Даналардың әке-шешесін сыйламаған бала тамырсыз өскен бұтаққа немесе бастаусыз аққан бұлаққа ұқсайды деген сөздері бекер айтылмаса керек.
Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.