anton1oleynik
19.04.2022 16:16

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Внимательно прочитайте текст и выполните нижепредложенные задания).
Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің
үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап
кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кiсi көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап
оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден
адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал
адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата
үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді
өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп
жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін
адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып,
ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар
ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде
табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала
халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ
кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер
кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа
жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан
ақылдаса келіп, сақшы Жиып, түрме салады.
Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді
мытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы
адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына
қарағанда аштан өліпті.​


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз (Внимательно прочитайте текст и выполните ниж

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
e12esa
17.01.2020 04:12

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.

Олар ерте кезден ауа райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардан аман сақтау үшін ерте қамданып отырған. Ауа райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап, күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған. Оны атадан балаға мұра етіп қалдырып отырған. Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап, естелікке алып отыруымен бірге, өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс, ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген. Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Себебі интернет дамыған заманда әлемнің кез келген түкпірінде қандай ауа райы екенін немесе алдағы аптада күн райы қандай болатынын үйде отырып та білетін болдық. Әйтсе де бұл болжамдар табиғи апаттар мен зілзалалардан кейде сақтап, кейде бармақ тістетіп жататыны да бар. Ал ертедегі қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Академик-ғалым Ақселеу Сейдімбек Қазақ әлемі ғылыми-зерттеу еңбегінде осы ауа райы болжамдарын да жазып кеткен. Ендеше, назарларыңызға ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
zhenyaminaev2
24.05.2021 12:29

Құндылық – бұл қандай да бір нәрсенің мәнділігі, маңыздылығы, қалаулылығы, пайдалылығы және қымбаттығы. Ол әлдекімнің бағалылығын, объективті болмысты және сонымен бір мезетте оның әлдекім үшін құндылығын, яғни субъективті бағалауды білдіреді [1]. Дүние құндылыққа толы – материалды, табиғи, көркем және адами құндылықтар. Бір нәрсені екіншісінен артық көру жалпы тірі табиғатқа тән. Осы орайда, құндылықтың адамға тән екендігін баса айту қажет, өйткені барлық жаратылыстың ішінде адам ғана табиғи және мәдени туындыларды, идеялар мен амал-әрекеттерді, жалпы басқа адам мен қоғамды, сондай-ақ өзін-өзі бағалауға қабілетті. Адам құндылықтарға мүдделі әрі мұқтаж болып табылады. Олар құндылықтар, дін, тіл, әдет-ғұрыптар және қоғамдық институттар сияқты ұғымдарды пайдалана отырып, өздерін анықтайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота