
Берілген сөздерді септеп жазу.
Атау септік - қалдық, байлық, айыппұл, таралу, бұзылу, қауіп.
Ілік септік - қалдықтың, байлықтың, айыппұлдың, таралудың, бұзылудың, қауіптің.
Барыс септік - калдыққа, байлыққа, айыппұлға, таралуға, бұзылуға, қауіпке.
Табыс септік - қалдықты, байлықты, айыппұлды, таралуды, бұзылуды, қауіпті.
Жатыс септік - қалдықта, байлықта, айыппұлда, таралуда, бұзылуда, қауіпте.
Шығыс септік - калдықтан, байлықтан, айыппұлдан, таралудан, бұзылулан, қауіптен.
Көмектес септік - қалдықпен, байлықпен, айыппұлмен, таралумен, бұзылумен, қауіппен.
Сөздердің септелген түрімен сөйлем құрастыру.
Қалдыққа кеткен ас тағамдарын жинастырып, үй жануарларына беруге болады (барыс септігі).
"Денсаулық" атты өміріндегі басты байлықты бағалау керек (табыс септігі).
Жол ережесін бұзған үшін төленетін айыппұлдың мөлшері келесі айдан бастап екі есе көбейтіледі (ілік септігі).
Елбасының кезекті жолдауын халыққа таратуға құрылған арнайы бөлімшелер жұмысын әлі де жалғастырып жатыр (барыс септігі).
Заттарды ұқыпты қолдану - оларды ерте бұзылудан сақтайды (жатыс септігі).
Аяқ астынан болып қалатын қауіптен ешкім де сақтана алмайды (жатыс септігі).
Сұрақтарға толық әрі қысқа жауап беру.
Сұрақ: Қазақстан қандай мекен?
Толық жауап: Қазақстан - әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін мекен.
Қысқа жауап: Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін мекен.
Сұрақ: Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды?
Толық жауап: Қазақ халқы түрлі ұлт өкілдерін қиын - қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алды.
Қысқа жауап: Түрлі ұлт өкілдерін.
Сұрақ: Оларға қандай жағдай жасады?
Толық жауап: Оларды құшақ жая қарсы алып, бір тілім нанды бөліп жеп, барлық жағдайды жасады.
Қысқа жауап: Бір тілім нанды бөліп жеп, барлық жағдайды жасады.
Сұрақ: Қазақстан бүгінде қандай елге айналды?
Толық жауап: Қазақстан бүгінде демократиялық, зайырлы, дамыған мемлекетке айналды.
Қысқа жауап: Демократиялық, зайырлы, дамыған мемлекетке айналды.
Сұрақ: Н. Ә. Назарбаев нені міндет етіп қойды?
Толық жауап: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды дамыған мемлекеттер қатарына кіруді міндет етіп қойды.
Қысқа жауап: Қазақстанды дамыған мемлекеттер қатарына кіруді міндет етіп қойды.