Біз жақында "Ана-өмір шуағы" деген тақырыпта шығарма жаздық. Бұл жан шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
2 Ғасырлар бойы олардың жануарлардың жойылу қарқыны өсті. Әрине, көптеген түрлер эволюция барысында жойылып кетті. Дегенмен, жер бетіндегі жануарлар мен өсімдіктердің жаппай қырылуына адамның әрекеті себеп болды. Флора мен фаунаның алуан түрлілігін сақтау үшін көптеген мемлекеттер жойылып кету қаупі төнген түрлерді құтқаруға кірісті. Дәл осы мақсатта алғашқы Қызыл кітап жасалды. Халықаралық Қызыл кітап дегеніміз не? Оның ресми атауы. Құжат алғаш рет 1963 жылы шығарылды. Кітаптың түсі белгілі бір себептермен қызыл болды. қызыл түс – қауіптің белгісі.