vlada23912
15.09.2022 16:06

I. — Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оң дарымайды. Әзірге адамға ауыз
Шарасын таппай
салған жоқ. Кейін қайтерін кім білсін?
деді садақ ұстаған жігіт.
Аждаһа
дал болдық... Ойбай... Әне... Тағы келді,
деп сөзін жалғастырды жігіт.
Күлән деген.. жесір әйелдің үйінің жанындағы суы тартылып кеткен ескі құдықтан
Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа
қашты. Ауыл ақсақалы, жасаң басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты
жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы
тұр екен. Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез
қылышын көтерді.
Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп
алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді.
Аварван әкеліңдер! - деді сосын одан отты жанарын алмастан...
Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан
қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді.
Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да кері бұрылып,
ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты
қуанды.
ІІ. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһа қайта оралмады. Ауыл
адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер
батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң
тізгінді босатты...
Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық
байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан
ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс
сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі
жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл
жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсінер
дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан
ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген
сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сәл иіп сәлем берді:
Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз!
Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының
алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл
жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына
байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға
жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен.
«Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.

Найти существительные и прилагательные​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
iradazlnv
27.09.2021 19:08

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жас­тан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ololshka2016
03.04.2020 06:51

Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота