MrNikitkahelp
23.08.2022 16:38

тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. Аудар. Ертегінің жалғасын тауып, қысқаша баяндап жазыңдар.(Прочитайте текст. Найдите оставшуюся часть рассказа и напишите своими словами небольшой рассказ). 1.– Ауылды аждаһа аралағанына бір жұма болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп кетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған жоқ. Кейін қайтерін кім білісін? – деді садақ ұстаған жігіт. – Шарасын таппай дал болдық... – Ойбай... Әне... Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. – Аждаһа шығады. Жанқожа қылышын алып, солай қарай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаққа қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып жұтқалы тұр екен. Жанқожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді. Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп алдына жата кетті. Оның бейшара халін көрген Жанқожа қылышын түсірді. - Ағарған әкеліңдер! – деді сосын одан отты жанарын алмастан... Жасақ басшысы жүгіріп қараша үйге кірді де ентелей жетті. Артына қарамастан қолын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді. Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожға бір қарады да кері бұрылып, ақырын-ақырын жоқ боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар қатты қуанды. 2. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһаға қайта оралмады. Ауыл адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батсын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты... Түн. Жұлдыздар жымыңдайды. Шалқалай туған айдың жарығынан жол бедері анық байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сесеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсіндер дейсің?! Өз көзімен көріп өткен жазық далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ отаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылық басын сәл иіп сәлем берді: - Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз! Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, аулының алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Құранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастарқан жайнап тұр екен. «Мынадай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Anopsis
10.06.2021 21:46
Я надеюсь

НА РУССКОМ!
 Мой класс-самый лучший. Нас много (34 человека), но нам удается даже не всегда ссориться по пустякам. Правда, учителя иногда стонут: "Опять что-то натворил этот 7А ?" Но мы никогда не унываем, вместе нашкодим-вместе отвечаем.Представте, 34 человека более 7 часов вместе. Но нам этого мало, мы общаемся и после уроков, не смотря на запреты учителей и родителей. Ходим в парк, кинотеатр, ездим друг к другу в гости. А летом почти все собираемся в школьном лагере. Если у кого-то проблемы, то всегда лучшие друзья станут на защиту. Не важно, обидел ли старшеклассник или несправедливо наказали учителя или родители. Наш клас-большая дружная семья, где можно попросить списать домашнее задание или посоветоваться, как проговорить со старшими. Я люблю свой класс, со всеми нашими недостатками. Люблю за то, что он такой сумашедший и с ним не скучно, люблю за то, что в беде всегда найдуться друзья, которые поддержат и не жалея времени и сил.Надеюсь, мы будем дружить и после окончания школы.

НА КАЗАХСКОМ!
Мой класс-самый лучший. Біз көп (34 адам), бірақ біз мүмкін емес тіпті әрқашан ссориться по пустякам. Рас, мұғалімнің кейде стонут: "Тағы да бірдеңе натворил бұл 7А ?" Бірақ біз ешқашан унываем, бірге нашкодим бірге жауап береміз.Представте, 34 адам-7 сағат. Бірақ бізге бұл аздық етеді, біз араласамыз және сабақтан кейін, ол тыйым салу мұғалімдер мен ата-аналар. Жүреміз саябақ, кинотеатр, жүреміз бір-біріне қонаққа. Ал жазда барлығы дерлік жиналады мектеп лагерінде. Егер біреу проблемалар, онда әрқашан ең жақсы достар айналады қорғауға. Маңызды емес, үйде ме, жоғарғы сынып оқушысы немесе әділетсіз жазалады мұғалімдер немесе ата-аналар. Біздің сынып-бір отбасы, сұрауға болады списать үй тапсырмасы немесе кеңесу, проговорить курс ұйымдастырылды. Я люблю свой класс, барлық біздің кемшіліктері бар. Жақсы көремін, - деді ол, мұндай сумашедший және онымен көңілсіз емес, жақсы көремін, қиын кезде әрқашан найдуться достар қолдау көрсетіп, көмектеседі, аямай күш, уақыт. Біз дос және мектеп бітіргеннен кейін.
0,0(0 оценок)
Ответ:
illaria2703
12.03.2020 00:51
Менің сүйікті ұстазым / имя отчество учителя /..Менің ұстазым мейірімді ардақты жан./Имя отчество учителя /бізді білімге баулып ,тәрбие береді,жақсылыққа үйретеді.Менің сүйікті ұстазымның сабақтары қызықты өтеді.Ол өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүретін жан.Болашақта біздің білімді болуымызды қалайды.Сондықтан мен өз үстазым секілді болғым келеді.,Менің ұстазым құрметті, ,ардақты жан.Ол көптеген балалардың сауатын ашып білім беріп ,білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Менің сүйікті ұстазым маған өте ұнайды,Мен келешекте сүйікті ұстазымның үмітін ақтаймын.Мектепті жақсы бітіріп ,жоғары оқу орнына түсемін.Еліме қызмет етемін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота