2. CD дискіден өлеңнің толық нұсқасын тыңдап, антоним сөздерді табыңдар. 3. Өлеңнің құрылысына талдау жасаңдар. 4. Өлең мазмұны бойынша «Үш қадам» кестесін толтырың- дар. 1-қадам Өлеңде көтерілген мәселелерді анықтаңдар 2-қадам Ақынның бес асыл іс пен бес дұшпан туралы сөз қозғау себебі... 3-қадам Қазіргі өмірде бұл мәселелер өзекті ме? Неліктен? 5. Өлеңнен үзінді жаттап алыңдар. 6. Абай өлеңдерінен нақыл сөздерге айналған жолдарды теріп жазыңдар.
Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу – 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға – қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Халқымызда "Жер-Ана" деген ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай, анасын күндей қастерлеу біздің борышымыз. " Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу" деп ата-бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын осылай білдірген. Сондықтан орман тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдің ластануына ерекше мән берген. Қоршаған ортада көптеген өзгерістер болып тұрады. Мысалы: найзағай жарқылдауы, гүлдердің өсуі, жаңбырдың жаууы, жел соғу бұның бәрі табиғат өзгерістеріне жатады. Табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. себебі адам өз керектісін табиғаттан алады. Табиғатты қорғау, сақтау біздің міндетіміз. Бүгінгі күндегі ең үлкен мәселе- ол экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, көптеген жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті қоршаған ортаның көң-қоқысқа айналуы- осының бәрі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді болғандықтан, айтылған мәселелерді шешіп, табиғатқа қамқорлық жасауы тиіс. Табиғатты құртатын да, қайта жандандыратын да ада. Қоршаған ортаның, табиғаттың таза болуы-адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл - күйі мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен байланысты. " Таза болса табиғат аман болар адамзат" деген мақал дұрыс айтылған. Сондықтанда табиғатты қорғайық, ластануына жол бермейік!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку