balandinradmir
24.05.2021 16:09

3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Автор қандай маселелерді көтеріп отыр? Бүгінде Қазақстан халқының орыстілді» деп аталып жүрген
басым бөлігі біздің республикамызға еркінен тыс күштердің әсерімен
келген болатын: жер аудару, кешіру, жұмысқа жіберу, әскери
бөлімдерде қызмет ету және т.б. Бұл жаңадан қоныс аударғандардын
жергілікті жағдайға тез бейімделуіне және қазақстандық менталитетті
қалыптастыруға ықпал етті. Кысқа уақыт ішінде Қазақстан олар үшін
өз еліне айналды.

Адамдар жергілікті халықпен тез тіл табысты, қазақтың көптеген
салты мен дәстүрін қабылдады. Олар қазақтармен өзара техника, білім
беру, медицина, өнер, мәдениет салаларына қатысты мәселелерден
тәжірибе алмасты. Қазақстанның қазіргі халкынын осындай
қалыптасуына өзара түсінушілік, құрметтеушілік негіз болды.
Н. Зинкевич, Қазақстан поляктары одағының төрағасы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
trushinaveronic
08.06.2021 17:25
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
МаринаДоблер
02.09.2020 13:25

Объяснение:

1. Мағжан Жұмабаев – Алаш қозғалысының қайраткері, сыршыл ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

2. Ол 25 маусым 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында туған.

3. Мағжан шығармаларындағы романтикалық сарын, әсіресе, оның символистік арнада жазған өлеңдері ерекше шығармалар. Ақын символизмі болашақ пердесін ашатын жаңа мифология туғызды.

4. "Саяси себептерге" байланысты атылды. Кеңестік жүйенің қуғын-сүргінінің құрбаны болды.

5. Сөз көркем ғана емес, оның артында терең мағына болуы керек. Одан біз эстетикалық құндылық қана емес тәрбие де аламыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота