
ответ : Жалынды жастық шақ» Өмірдің жарқыраған, жалындаған, бейне бір оттай лаулаған кезі – әрине бұл жастық. А ң жасындағы жүрек ештеңе жазылмаған, сызылмаған тап – таза, пәк, қағаз іспетті. Сол қағазға әркім өз қалағанын жазып, тіпті суретін де салуына болады. Қағаз бетіне салынған сурет – шимайлалар, жазу – сызулар жер бетіндегі миллиардтаған адамның біреуінің ғана өмір арнасы. Бірақ... Кейде сол қағаз кейбіреулерге дайын күйінде келеді. Ол – тағдыр. Алланың бұйрығы. Бір ғажабы оны түрлі әсем сөздермен көркемдеп, түрлі түсті бояумен әшекейлесе құлпырып шыға келеді емес пе? Адам өмірінің ақ қағазды бояуға, жазуға кеткен кезі – қамсыз жастық десек, оның нәтижесі – қалтықсыз қарттық. Өмірдің ең бір жарқырап көрінер кезеңі жап – жас кез. Адамның жүрегіне ең алғаш достық, махаббат, сағыныш, аяныш, жиіркеніш, құмарлық, әуестік секілді сезімдер ұя салатын кез.
Объяснение:
Ана туралы.
Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін! Біз неше жасқа келсек, анамыздың жүрегі елжіреп, біз оларға әрдайым сәби болып қала береміз. Ал ақ жаулықты аналарымыздың қадірін өзіміз балалы болғанда да түсінеміз. Себебі, әрбір ананың жүрегі баласы десе елжіреп, жаны ашып тұрады. Неше жасқа келсек те, әрқайсымызға ана керек. Сондықтан аналармызды аялап, әрдайым қастарынын табыла білейік, себебі ана пейілі мен мейіріміне бөленіп өскен жан бақытты. Бұл ретте "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды"деген өлең сөздері өте дәл тауып айтылған деп ойлаймын.