diana1157
13.12.2020 20:26

Мәтіннен біріңғай сөйлем мүшелерін теріп жазып, қай сөз табынан жазалынғанын түсіндіріңіз (Нужно выписать однородные члены предложения и определить от какой части речи они образованы). Француз философы Пьер Тейляр де Шарден: «Жақсы ойлау үшін, тамағың тоқ болу керек. Бір кесек нан қанша ойды өмірге әкеле алады» – десе, қазақ жазушысы Бауыржан Тойшыбаев: «Аш адамның миында асқазаны тұрады», – деген. Сондықтан адам үшін, әсіресе, оқып жүрген, студент жастар үшін жақсы, сапалы тамақтанудың маңызы ерекше.
Университет қызметкерлері мен білім алушыларын ыстық та қол жетімді тамақпен қамтамасыз ету үшін жарық та жайлы, өте таза 50 орындық асхана жұмыс істейді. Халық даналығы «Бақытты адамдарды көрсең, олардың аспазы кім екенін сұра» дегендей, университет асханасы білім аулшылар мен ұжымның гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Асханада жоғары кәсіби, тәжірибелі аспаздар жұмыс істейді. Асхана аптасына алты күн қызмет етеді, тек жексенбі күні жұмыс істемейді. Асханада күнде жаңа тағамдар ұсынылады, әртүрлі тағамдарды дайындауда әр азық-түліктің дәрумендері, калориясы міндетті түрде ескеріледі. Тамақтанушылар таңғы, түскі, кешкі өз қалаулары бойынша ас мәзірін (меню) таңдайды.
Асханада түрлі әдіспен дайындалған тағам түрлері ұсынылады: бұқтырылған, буда дайындалған, пісірілген, қуырылған және әртүрлі салат түрлері. Қандай да болмасын тағам дайындаларда қолданылатын азық-түліктің санитарлық-гигиеналық талаптары қатаң сақталады және сапасы тексеріледі. Университет асханасында аспаздардың өздері ұн тағамдарын, кулинарлық және кондитерлік тағам түрлерін, ыстық, салқын сусындарды, шырындар мен компот т.б. дайындайды.
Тағам тізімінің түрлілігі, молдығы, ас дайындаудың жоғары сапалылығы, дәмділігі, сонымен қатар өте сыпайы аспаздар университет ұжымы мен білім алушылардың көңілінен шығуда. Асхананың жұмыс уақыты кімге де болсын өте ыңғайлы: оқу басталуға жарты сағат қалғанда ашылып, жұмыс күнінің соңына дейін жұмыс істейді.
«Жақсы өмір сүру үшін жақсы тамақтану қажет», – деген екен британдық аспаз Гордон Рамзи. Университет асханасының дизайны қазіргі заман талаптарына сай сәнді және заманауи.
Асхананы студенттердің креативті аймағы деп те атауға болады, себебі бұнда білім алушылар дәмді тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен әңгімелесіп, уақыттарын жақсы өткізулеріне болады.
Мәтінмен жұмыс:

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
слополоп
11.07.2021 03:39

"Қызыл өлкедегі қыздың көзі" сияқты әдемі киімге көп көңіл бөлінемін. Қазіргі уақытта сән әлемінде әртүрлі костюмдер көп. Бірақ, ең алдымен, киімнің ыңғайлы және ыңғайлы болуы жақсы. Сонда ғана ол әдемі көрінеді. Біздің аталарымыз таза, әдемі және ыңғайлы киім бізді әдемі етеді деп бекер айтпайды.

Қазіргі уақытта сән әлемінде өз киім дизайнерлері бар,соның ішінде түпнұсқа-бұл біздің отандастарымыз. Өйткені олар біз өмір сүретін қоғамға сәйкес киім ойлап табады.  

Бірақ сәнді және үйлесімді киіну-қазіргі заманның талабы. Бірақ, менің ойымша, сәнді киіну үшін көп қаражат қажет емес. Әр маусым аяқталғаннан кейін ірі сауда орталықтарында арнайы жаппай сатулар өткізіледі, мысалы, біз осындай сатуларда бізге ұнаған киімдерді отбасымен жиі сатып аламыз. Мысалы, классикалық үлгідегі киім немесе сәнді емес шалбар-бұл киімнің түрлі ілгіштері бар күрте.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
AlexSashka2003
21.01.2023 23:07

Конституция – еліміздің Ата Заңы

        Елдің ішкі тұтастығын сақтау үшін белгілі бір ережелер керек. Осы мақсатта Қазақ елі егемендігін алғаннан бастап, ішкі тәртіпті реттеуге тырысты. Конституциямыз қысқа мерзімде әзірленіп, халық талқылауынан өткен соң қабылданды.

       Ата Заңымыз – тарихи жеңістің, халқымыздың арман-мүддесін заң жүзінде айқындаған, бүкіл әлемге Қазақстан деген азат елдің бар екендігін паш еткен беделді құжат. Конституциямызда тәуелсіз еліміздің даму бағыты, басқару жүйесі, билік тармақтары жария етілген. Қазақ халқының заң жүйесі сонау XVI ғасырдағы «Қасым ханның қасқа жолынан» бастау алады. Одан кейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды дала заңдарының негізінде құқықтың мемлекет құру идеясы Қазақ даласында жүзеге аса бастады.

      Конституция әрбір Қазақстан азаматының заңда белгіленген мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші. Кез келген азамат Конституциялық құқығын пайдалана отырып, заң шеңберінде әрекет ете алады. Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетуші. Республикамызда енгізілгелі жатқан кез келген заң Конституцияға сүйене отырып жасалынады. Ата заңымыз қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш, толерантты халық екендігінің көрінісі. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамай, азаматтарының құқығы ардақ тұтылған еліміз татулықтың өрнегі. Конституциямызда еліміздің демократиялық мемлекет екендігі көрсетілген. Демек, Конституциямен өмір сүру – демократияның ең жоғарғы сатысында болуды көрсетеді. Ата Заңымыз – халық таңдауы болғандықтан оны әрдайым құрметтеуіміз керек. Адам өмірі мен бостандығы ең жоғары құндылық деп бағаланған Конституциямыздың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Адам өмірінің басты құндылық екендігінің дәлелі Конституциямыздың 9-бөлімінің екеуі адамның бостандығы мен азаматтардың құқығына арналған.

     «Біздің міндетіміз – Конституцияға ерекше құрмет білдіру» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздің тарихын қалай құрметтесек, Ата заңымызды солай қадір тұтуымыз қажет. Конституцияға құрмет көрсетіп, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім мен тәртіпті сақтау мүмкін емес. Демек, Отанымыздың болашағының жарқын болуы тәртіпке бағынуымызда. Батыр бабамыз айтқандай:                                                                                                         Тәртіпсіз ел болмайды,                                                                                                                                                                                                                   Тәртіпке бағынған құл болмайды.    

      Қорытындылай келе, Ата Заң – біздің күнделікті жүріс-тұрысымызды реттейтін, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін ең маңызды құжат. Елдің дамуына үлес қосқысы келетін азамат сол құжатқа мойынсұнып оны құрметтемейінше, елдің дамуын ойлау мүмкін емес. Әрбір азамат оны қадірлеп- қастерлеуге, ардақ тұтуға міндетті.

Объяснение:вот

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота