Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының орталық алаңына қазақ жастары жиналып, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына Қазақстанда бір күн де жұмыс істемеген және есімі де елге белгісіз Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытты. Қазақ жастарының бұл наразылығы бүкіл әкімшіл-әміршіл жүйеге наразылыққа ұласты. Кремль саясатына қайшы келетін шеру қатыгездікпен жаншылды. Жастарды таратқаннан кейін қуғын-сүргін басталды.
Бұл уақиға жайлы советтік ба з тіс жармағанын, жазса да жастарды аяусыз сынағанын «Казахстанская правда» мен «Ленинская смена» газеттерінде 1986 жылдың соңында жарық көрген бірқатар материалдардан байқауға болады.
может это дай много