Картофан7777777
13.05.2022 10:02

Составить диолога из текста
I. - Дуылды аждаһа аралағанына бір болды. Әр күні түстен кейін қой-қозы, бота, тайды жұтады да жоқ боп нетеді. Атқан оқ дарымайды. Әзірге адамға ауыз салған соң. Кейін қайтерін кім білсін? - деді садақ ұстаған жігіт. - Шарасын таппай дал болдық… - Ойбай… Әне… Тағы келді, - деп сөзін жалғастырды жігіт. - Аждаһа Күлән деген… жесір әйелдің… үйінің жанындағы… суы тартылып кеткен… ескі құдықтан шығады. Жанқожа қылышын алып, солай жүрді. Қасындағы адамдар жан-жаңқа

қашты. Ауыл ақсақалы, жасақ басшысы, сауыт, дулыға киіп қару асынған бес-алты жігіт амалсыздан ізіне ерді. Мақұлық үйдің арт жағында тұрған құлынды алып тұр әнін. Жанңожа жылдам «Құран» оқыды да ақырып, қасына жетіп барды. Тез қылышын көтерді.

Лезде айбатынан айырылған мақұлықтың көзінен пора-пора жас ағып, сылқ етіп

алдына жата кетті, Оның бейшара халін керген Жанқожа қылышын түсірді.

- Аварвин әкеліңдер! - деді сосын одан отты жанарын алмастан… Жасаң басшысы жүгіріп қараша үйге кірде ентелей жетті. Артына қарамастан қалын созған Жанқожа одан зерен кеседегі сүтті мақұлықтың басына шашып жіберді. Мақұлық көзінен жас тамшылаған күйі Жанқожаға бір қарады да кері бұрылып,

ақырын-ақырын жоң боп кетті. Сұсты мақұлықтан құтылғанына қуанған адамдар ңапты қуанды.

II. Жанқожа екі күн ақсақалдың үйінде жатты. Аждаһа қайта оралмады. Ауыл

адамдары үрейден арылып, тасаттық берді. Үшінші күні еліне қайтты. Үлкендер батасын жаудырып ауыл іргесіне дейін шығарып салды. Ауылдан ұзап шыққан соң тізгінді босатты…

Түн. Жұлдыздар жымындайды. Шалқалай туган айдың жарығынан жол бедері оның

байқалады. Қызылқұмның ішінде торы атты құстай ұшырып келеді. Кенет алдынан ақ отау көрінді. Айналасында қаз-қатар тізілген сансыз шам жанып тұр. Бұл жер таныс сияқты. Анадай жердегі сексеуілге көзі түскенде барып, мұның жылқының өлексесі жатқан жер екенін бірден сезе қойды. Демек, торы ат жүйткіген екен. Әйтпесе, бұл жерге ертең түске тарта жетуі тиіс еді. Он сегіз мың ғаламның тылсымын кім түсінер дейсің?! Оз көзімен көріп этнен жазың далаға айналасында әскері жоқ демесең, хан ордасы көшіп келгендей. Әдемі ақ стаудың жанына барғанда іштен ханшадай киінген сұңғақ бойлы қыз шықты. Инабаттылықпен басын сәл иіп сәлем берді:

- Жолаушы, алған бағытыңыз алыс көрінеді. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз! Жанқожа ізет сақтап қызбен амандасты. Астындағы торысы аман болса, ауылының

алыстығы білінбейді. Айдаладағы ақ отаудан шыққан қыздың қолқасынан гөрі бұл жерде қандай сыр бар екендігі көбірек қызықтырған тәрізді. Кұранды ердің басына байлаулы тұрған сусын құятын ыдысын алған соң, атын қоя берді. Ыдыстағы суға жуынып алды. Қыздың соңынан үйге кірді де төрге озды. Дастархан жайнап тұр екен. «Мы адай таңсық тағамдар елдің дастарқанында болса ғой» деп ойлап отырды.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
macha2017
07.11.2022 19:02

Менің сүйікті жазушым ол дана Абай. Қазақта жақсы сөз бар:"Қазақ десе Абай есіме түседі? Абай десе Мұхтар есіме түседі". Абай қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, табиғатын, азабын, салт-дәстүрлерін және т.б, бейнелеген ақын. Оның 45 қара сөзі бар. Әр қара сөзі нақыл сөз, тәрбиелік мәні зор болып табылады. Абайды бас ақын дейді. Абайдың кем дегенде бір өленің білмеген адамды жетесіз деп санауға болады.Ол көптеген тілді біліп, Шығыс ғалымдарынан аударған. Сондықтан мен Абай атамды мәңгілік сүйіп, құрметтеп өтем.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VolkYula69
18.08.2022 12:50

Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.

Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота