Koroleva12112002
09.04.2020 19:37

Ақтан жасқа сұрақ керек тез керек болып тұр​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Downhill28
23.04.2023 12:34

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – а ң өсіп — өнер,  қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата — анаңның алдында адамның парыз — міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау — өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
uchenik1988
10.09.2020 21:55
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен - ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз.Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді.Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыны үйретіп, жаманға жолаттырмайсыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз.Мейірман анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі бисмилләмді айтып, жақсы адам болуға тырысып жүрмін.Дархан анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма үлгі болуға талпынамын.Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота