
«Автобус» сөзінің фонетикалық талдауы.
Автобус: 3 буын – ав - тұйық, то – ашық, бус – бітеу.
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
В – дауыссыз, ұяң;
Т - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Б – дауыссыз, ұяң;
У дауысты, жуан, қысаң, еріндік;
С - дауыссыз, қатаң.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
«Велосипед» сөзінің фонетикалық талдауы.
Велосипед: 4 буын: ве – ашық, ло – ашық, си – ашық, пед – бітеу.
В – дауыссыз, ұяң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Л - дауыссыз, үнді;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
С - дауыссыз, қатаң;
И – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
П - дауыссыз, қатаң;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Д - дауыссыз, ұяң.
Сөзде 9 әріп, 9 дыбыс бар.
«Автомобиль» сөзінің фонетикалық талдауы.
Автомобиль: 4 буын: ав – тұйық, то – ашық, мо – ашық, биль – бітеу.
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
В – дауыссыз, ұяң;
Т - дауыссыз, қатаң;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
М - дауыссыз, үнді;
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Б – дауыссыз, ұяң;
И – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
Л - дауыссыз, үнді;
Ь – дыбыссыз.
Сөзде 10 әріп, 9 дыбыс бар.
«Трамвай» сөзінің фонетикалық талдауы.
Трамвай: 2 буын: трам – бітеу, вай – бітеу.
Т - дауыссыз, қатаң;
Р – дауыссыз, үнді;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
М - дауыссыз, үнді;
В – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашық, езулік;
Й – дауыссыз, үнді.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
Табиғаттағы қауіпті жағдайлар кезінде не істеу керек?
Табиғаттағы қауіпті жағдайларды ешқашан алдын - ала біле алмайсың. Кез келген қауіпті табиғи құбылыс күтпеген жерден орын алуы мүмкін. Мұндай кездері сасқалақтамай, барынша сабыр сақтап, бірақ жылдам ойланып, тез әрекет ету керек. Көбінесе қауіпті табиғи құбылыс орын алғанда тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі сабағында оқыған материалдарды есте ұстау керек.
Мысалы, жер сілкінісі кезінде үйде болсаңыз, ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына тұрыңыз;
- кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- жер сілкінісі кезінде лифтіні пайдалануға болмайды.
Егер жер сілкінісі кезінде далада бослаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз.
Жер сілкіну төмен болса, үрейленбеңіз, тыныштық сақтап, үйде болыңыз.
ал жер сілкінісінен кейін жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама түрткіге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.