
Күнделікті тіршілік қарбаласында өз әрекеттеріміздің құқықтық тұрғыдан қаншалықты дұрыс екендігі туралы ойланбаймыз. Ол автокөлік сату/сатып алу, оны «кедендік тазарту» немесе тіпті сақтандыру. Осы тізімге әр қазақстандық жүргізуші басынан өткерген – жүргізушіні жол-патрульдік полициясының қызметкерінің тоқтату жағдайын қосайық. ЖПП қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін және Жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда қандай айыппұл санкциялары көзделуі мүмкін. Сіздің назарыңызға сізді жол-патрульдік полициясының қызметкері тоқтатқан жағдайдағы жиі қойылатын сұрақтардың тізімін ұсынамыз. Егер көлік құралы жүргізушісінің осы Заңның талаптарын және (немесе) жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті.
Бүгінде елімізде пәтерді жалдау мен жалға беру - шешімін таппай келе жатқан мәселелердің қатарында. Бұған себеп - пәтерді жалға берушілер мен жалдаушылардың арасындағы қарым-қатынас механизмі бола тұра, жұрттың бұл қатынасты көбіне келісімшартсыз реттеуі. Көптеген тұрғындар әсіресе ірі қалаларға келгенде пәтерді жалға алудың заңды жүйесі мен тәртібін біле бермейді. Содан, келісімшартсыз-ақ пәтер жалдап тұрып жатқандардың қатары қалды.Бірақ пәтердің иесімен бір келісімге келіп жағдайды түсіндірсе болады