NikaNeo
31.08.2020 00:46

Тараз — Талас өзені бойында орналаскан тарихи кала. Ол V ғасырға дейін салынған. 2000 мың жылдық тарихы бар Тараздың өзіндік тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы мен сыры кеп. Әр қаланың өзінің ерекше бойтумары болады. Тараздың бойтұмары — Қарахан мен Айша Бибі кумбездері Аныз бойынша, Айша Бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездеседі. Бірін бірі ұнатқан екі жас үйленуге келіседі.

Жаугершілік заман болғандықтан, елін, жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі мерзімде Айша Бибіге бара алмай калады.

Арада біраз уақыт етеді. Айша Бибі Қараханның мекені — Тараз қаласына бару үшін қасына күтушісін ертіп, жолға шығады. Бірнеше кун жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, біраз демалмак болады. Күтушісі ас әзірлеуге кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша Бибі жұмсақ төсенішке келіп жатады. Ұзақ жолдан шаршаған жас ару маужырап ұйқыға кетеді. Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.

Денесін у жайлап, тынысы тарылған Айша Бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан емші мен молданы алып жеткенде, ару қыз есінен танып жатыр екен. Карахан молдаға Айша екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жаткан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді Бибі болдың!» — деп үш рет айқайлапты.

Ханның өлі қызбен неке киғаны баска еш халыктың тарихынан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де, сол күмбез екі ғашықтың махаббатының өшпес белгісі болып Тараз қаласының іргесінде әлі тұр.
Найдите 12 прилогательных ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
TheEmperorgame
07.10.2022 22:47

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

Рухани мәдениетіміздің көне жәдігері домбыра себебі домбыра болмаса біз ән айталмайтын едік,күй орындамайтын едік.Сол себепті домбыра біздің асыл қазынамыз!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Svetik2982
17.01.2023 11:07

Мен ата-анамның  еңбегін қалай өтеймін, олар мен үшін бар күшін сарп етіп, түн ұйқысн төрт бөлді. Менің өмірімдегі ең қымбат жандар ата-анам. Олар өте жақсы, аса мейірімді, өте қарапайым адамдар. Мен үшін әлемдегі ең әдемі, ең әсем менің ата-анам. Олар маған өте жақсы тәрбие берді. Олар өздерінің еңбегімен еңбекті бағалауға, білімімен білімге ұмтылуға үлгі бола білді. Ата-анам менің зор байлығым. Ата-анам менің асыл қазынам. Ата-ананың балаға деген шексіз махаббатын бағалай білу  біздің парызымыз. Мен сендердің еңбектеріңді өтеуге, өздеріңді аса құрметтеп, көңілдеріңе ешбір кірбің түсірмеуге бар мүмкіндігімді пайдаланамын.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота