Шығарманың композициялық құрылымы.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жинақы келуі жекелеген бөлім бөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.
Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды өлшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композицияның көркемдік қуатылығы - әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені қай (кезде) айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.
Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Сюжеттің басталуы.
2. Сюжеттік байланыс.
3. Шиеленісуі.
4. Шарықтау шегі.
5. Шешімі.
1-тапсырма
-Мен сендерден біреудің үйін сұрамадым,ал неге сендер маған мына шешейдің үйін бердіңдер?
-Бауыржан,бізді кешіріңіз
-Мына шешейге екі бөлмелі пәтерін қайтарып беріңдер!Ал мен әзірге бұрынғы пәтерімде тұра берермін.Алдағы уақытта тағы осы секілді іс-әрекеттерге кезіксем,ісім сендермен болсын!
2-тапсырма
1)Бауыржан полковник
2)5 бөлмелі пәтер
3)Иә ашуланды,себебі қалалық кеңес оған бір шешейдің алайын деп тұрған үйін берген
4)Халық мұңы
5)Эпикалық жанрға сай
3-тапсырма
1)Ғалым
2)Еврей
3)Католик шіркеуде
4)Гимназияда оқып жүргенде Альберт
5)Ол математика мен латын тілі пәндерінен басқа сабақарға көңіл бөлмеген
6)Фотохимия заңын анықтаған