tetyanaostafi
05.02.2020 08:20

Берілген жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз.


Берілген жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yagunovaliza
01.06.2022 11:27

Жылы жаққа ұшатын құстар

Жылы жаққа ұшатын құстарды "жыл құстары" деп атайды. Наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Енді солардың ішінде кейбіреулеріне тоқтала кетейік:

Аққу - жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді.

Сүңгуір үйрек – жыл құсы. Ұяларын тайыз суға, бөген не көл жағалауларына салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. Сүңгуір үйрек су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді.

Шағалалар да жыл құстары.Олар жақсы ұшып, жүзеді, бірақ суға сүңги алмайды. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа, аяқ саусақтарының арасы жарғақты. Шоғыр құрып тіршілік ететін түрлері де бар. Ұясын жерге, шың басына, судағы жартасқа шөптен жасайды. Ірі жәндіктермен, моллюскалармен, тышқан тәрізді кемірушілермен, балықтармен қоректенеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
oll5
29.01.2020 13:16

Менің сүйікті қалам

Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы -  Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.

Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.

Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота