mironenkok22
29.07.2020 10:33

Мәтінді мәнерлеп оқып, төмендегі тапсыраларды орындаңдар. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық, ең алдымен, адамдардың бір-біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та беки түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол – жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым- қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
а) Мәтін бойынша «Жуан», «Жіңішке» сұрақтар құрастырыңдар.
ә) Төменде бкрілген тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңдар. Тірек сөздер: нағыз дос, сырласу, серік, сенімді, қорғау, өзің, сатқындық, жақсылық, дос табу.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Emro
27.05.2020 02:05
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Пони20171
27.05.2020 02:05
Ананың парызынан Меккеге үш рет жаяу арқалап апарсаң да құтылмайсың» -деген сөз тегін айтылмаған ғой. Мен ғана емес, анамның құрсағынан шыққан бесеуміз де қазір бір-бір шаңырақтың иесіміз. Өзіміз де бала сүйіп, ата-ана болып кеттік.

Бірақ ата-анамыз үшін біз әлі баламыз. Әкем бізге күніге қоңырау шалып, іздеп отырады. «Папа, бәрі жақсы, алаңдамаңыз» деп қал-жағдайымыздан хабар беріп болдық па дегенде, анам телефон соғады. Мүмкін бір қалада жүріп, күн сайын көрісіп жүрген соң ба мен де кейде өзімді бала сезініп кетемін.
Мен отбасындағы қыздың үлкенімін. Содан соң ба екен анам екеуміз тым жақынбыз. Қашан болмасын, қандай шаруа жасасақ та ақылдасып жүреміз. Қазір ол кісі зейнеткерлікке шықса да жеке кәсіпкер ретінде бір шаруаны дөңгелетіп жүр. Жалға үй алып, жекеменшік балабақша ашып, соның жұмысымен күн ұзаққа бір тынбайды. Немерелерін де жа¬нына жинап алған. Кейде «Мама шаршадыңыз ғой, мүмкін шаруаны қойып демаларсыз» деймін ғой. «Қой балам, мен керісінше үйде отырсам шаршаймын, жанымда көмектесіп жүрген әкелерің барда, өздерің барда мен шаршамаймын»-дейді. Онысы рас... менің анам от басы- ошақ қасында отыруға жаралмаған. Он сегіз жасынан бері еңбек етіп келеді. Тынымсыз шаруамен әбден шыныққан әйел.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота