4-тапсырма. Сөйлемдердегі етістікті құрамына қарай талдаңдар. 1. Менменсімей қонақтардың алдына бар (А.Е.). 2. Нұралы ауылға барғанда шешенсіп сөйлейтін (Қ.Б.). 3. Жаңағы келген жігіт Киевте оқып жүрген баласына жолығыпты (Д.И.). 4. Дәрі-дәрмекке қажетті өсімдіктер де азайып барады («Парасат»). 5. Әлия кеткен соң терезенің алдында мұңайып отырды да қойды (А.У.). 6. – Жәкеңнің үйінен келген соң жылқыларды суар (Д.Д.)