Биосфера – ғаламдық экожүйе
Сырттай қарағанда тірі организмдер мен өлі табиғат, ресурстарында үлкен айырмашылық бар ғой деп ойлайсыз. Зерттеп қараған кезде олардың бірінсіз-бірінің тіршілігі жоқ екенін көрсетеді. Қайта олар бір- бірімен жан-жақты және тығыз байланыста болатыны анықталды. Айналаны қоршаған өлі атмосфераның ресурсынсыз өмір сүре алмайды, себебі ол айналаны қоршаған ортаға да терең экологиялық және биологиялық өзгерістер енгізеді. Тірі ағзалар (өсімдіктер қалдықтары, жан- жануарлардың өліктері және тағы басқа органикалық қалдықтар) топырақтың қара шірігін құраушы, тіпті топырақтың негізін құраушы, тіпті топырақтың негізін құрайтын фактор болып есептелінеді. Топырақ өлі дене емес. Ол тіршілік ортасы. Жерді қоршаған атмосфера, бір жағынан, тіршілік ортасы болса, екіншіден, оның қазіргі физикалық құрамы тірі ағзалардың әрекеті арқылы пайда болған.
Объяснение:
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз-табиғатты қорғау.Қазіргі заман-өнеркәсіп,космос,технология дамыған заман.Олар өркендеуімен қатар табиғатқа зиянын тигізуде.Өзен-көлдерге құйылған завод,фабрика қалдықтары суларымызды ластауда.Ондағы тіршілік ететін балықтардың өлуіне әкеп соғуда.Космос саласында әр зымыран ұшқан сайын ауа қабаты бұзылып,ауа қабаты ластануда.Еліміз экологиялық аймаққа айналуда.Ол үшін не істеу керек?Завод-фабриканың қалдық өнімдерін өзен-көлге жібермей,жағып құртатын басқа амалдарын іздестіру керек.Көктемде ағаш отырғызып,жерді көгалдандыру керек.Ауаға жайылатын улы заттардың көзін құртып,залалсыздандыру керек.Ең алдымен өзіміз демалатын ауламыздан бастауымыз керек.Жазда көлге шомылуға барып,қайтарда қоқыстарды шашып қалдырмау керек.Табиғат пен адамзат бір-бірімен байланыста.Табиғатты қорғауымыз керек.Табиғат-адамзаттың тіршілік көзі.Табиғатты аялайық.